Футболдан Қазақстан чемпионатында қостанайлықтар Түркістанның «Тұран» командасын ұтқаннан кейін 44 ұпаймен жарыс кестесінің бірінші сатысына көтерілді.
Бұл нәтижеге команда капитаны Асхат Тағыбергеннің айып добынан соққан голы себепші болды.
Екінші таймда алаң иелері қарқынын үдете түсті. Ойынның 72 минутында команда сапын жазғы трансферлік маусымда толықтырған Игорь Хвальконың әуелеткен добы Александр Зуевтің аяғынан табылды. Екі қорғаушыны қапы қалдырған «Тобылдың» түлегі есепті еселеді. Енді қостанайлықтар Атырауға қонаққа барады.
