Мәжіліс депутаты Қостанайда жергілікті өзін-өзі басқару мәселелерін талқылады

Мәжіліс депутаты Қостанайда жергілікті өзін-өзі басқару мәселелерін талқылады

Мәжіліс депутаты, ЖСДП фракциясының мүшесі Нұрлан Әуесбаев Қостанай облысына жұмыс сапары барысында «Билік. Халық. Ынтымақ» атты аймақтық конференцияға қатысты.

Іс-шарада жергілікті өзін-өзі басқаруды нығайту, мемлекеттік қызметтердің сапасын көтеру, сондай-ақ азаматтардың шешім қабылдау үдерісіне белсенді қатысуын қамтамасыз ету мәселелері талқыланды.Конференцияға жергілікті атқарушы органдардың өкілдері, қоғамдық бірлестіктердің жетекшілері және өңірдің белсенді тұрғындары қатысты.

Қатысушылар көппәтерлі тұрғын үйді басқару және мүлік иелері бірлестіктерінің (МИБ) қызметін ұйымдастыру мәселелеріне айрықша назар аударды.Бұдан бөлек, Нұрлан Әуесбаев «Әуежай» шағын ауданының Бастапқы партия ұйымы белсенділерімен жүздесті. Кездесу барысында ұйымның стратегиялық міндеттері, алдағы жоспарлары және тұрғындарды қоғамдық бастамаларға кеңінен тарту тетіктері сөз болды.

Сондай-ақ шағын ауданның инфрақұрылымын жетілдіру, әлеуметтік қолжетімділікті арттыру және халықтың өмір сапасын жақсарту жөнінде бірқатар ұсыныс ортаға салынды.Конференция мен өңірдегі кездесулердің қорытындысында бірқатар нақты қадам белгіленді. Нұрлан Әуесбаев тұрғындар мен белсенділер көтерген барлық ұсыныс ретке келтіріліп, тиісті мемлекеттік органдарға жолданатынын, ал олардың орындалу барысы депутаттық қадағалауда болатынын ерекше атап өтті.

t.me/mazhilis_kz