Бүгін Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов Алтынсарин ауданында жұмыс сапарымен болды.
Дмитрев ауылдық округі — өңір басшысы ат шалдырған алғашқы елді мекен. Қарамағында үш ауылы бар округте қордаланған мәселе көп. Ең қинайтыны — жол азабы. Ойлы-шұңқырлы қатынас жолын жөндеу мәселесі бұрыннан көтеріліп келеді. Шешімін биылдан бастап тапқалы отыр. Жайылымның жетіспеуі де жергілікті тұрғындарды алаңдатып отыр. Өңір басшысы округ әкіміне осы түйткілді дереу шешуді тапсырды. Қ. Ақсақалов ауылдықтардың басқа да мәселелеріне құлақ түрді.
Бұдан соң облыс әкімі Силантьев ауылына барып, “Олжа Беляев” ЖШС қолға алып жатқан мал шаруашылығы нысанының жобасымен танысты. Құрылысқа шілде айында қаржы салынып, жұмыстар басталады.
Мұнан соң облыс әкімі аудан орталығында жергілікті бизнес өкілдерімен кездесті.
Толығырақ газеттің алдағы санынан оқи аласыздар.
Суреттерді түсірген Бердіболат КӨРКЕМБАЕВ