Денисов ауданында демалыс базасы ашылды

Денисов ауданында демалыс базасы ашылды

Табиғат аясына саяхат жасап, қоршаған ортаны қорғауды мақсат еткен – экотуризм бағыты Денисов ауданында дамуда. Осы бағытта «Шаңырақ» демалыс базасы ашылып, тұрғындар игілігіне қызмет етуде.

Демалыс базасының директоры Александр Кузьменко мемлекеттік қолдау арқылы кәсібін кеңейткен.

Ол «Даму» қорының қолдауымен туристік бағыттағы «Шаңырақ» демалыс базасын ашты. Жобаның жалпы құны 500 млн теңге. Бүгінде база жұмыс істеп тұр және он адамды тұрақты жұмыспен қамтуда.

– Демалыс базасында алты «Рыбацкая деревня» үйі, жуынатын және киім ауыстыратын бөлмелер, демалатын бөлмелер, асхана, сегіз  гриль-аумағы, 5500 шаршы метрлік екі жағажай, «Компас» аумағы, қоғамдық дәретхана салынды.  Катамаран жалға беру қызметі бар. Биылдыққа «Шаңырақ» базасына бес мыңнан астам адам келіп демалды, – деді демалыс базасының директоры Александр Кузьменко.

Аталмыш демалыс орны Рудный-Қарабұтақ трассасының 148-ші шақырымында Жоғары Тобыл су қоймасында орналасқан.

blank

Бұл жерде жазда суға шомылып, қыста балық аулауға болады. Денисов тұрғындарымен қатар жақын маңдағы аудан, қалалардың адамдары да осында келіп демалыс күндерін қызықты өткізіп жүр. blank blank Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов былтыр жазда «Шаңырақ» базасына келгенде өте жоғары баға берген еді. «Нысандар дәл осындай болу керек. Бұл жерде бәрі жоғары деңгейде жасалған» деп «Шаңырақты» үлгі еткен-ді.

blank blank blankБиылғы жылдың 1-маусымындағы дерек бойынша Денисов ауданында 773 шағын және орта бизнес субъектісі тіркелген. Ал былтыр 755 кәсіп иесі бартын.  Оның 180-і жас кәсіпкер. Яғни, жалпы кәсіпкерлердің 23,4%-і жастар.

– 2024 жылы субсидиялау бағдарламасы аясында жеті жоба мемлекеттік қолдауға ие болды.  77 адам «Бастау-Бизнес» бағдарламасымен оқып, кәсіпкерліктің қыр-сырымен танысты, – деді аудандық кәсіпкерлік бөлімінің сектор меңгерушісі Дәулет Алпысов.

Қымбат ДОСЖАНОВА

Денисов ауданы