Полиция балаларға жазғы лагерьлерде киберқауіпсіздік негіздерін үйретуде

Полиция балаларға жазғы лагерьлерде киберқауіпсіздік негіздерін үйретуде

Қостанай облысында киберқылмыспен күрес басқармасының қызметкерлері жазғы лагерьлерде демалып жатқан балалармен профилактикалық жұмыстарын белсенді түрде жалғастыруда.

Мәселен, «Болашақ» балалар лагерінде қаржылық сауаттылық пен интернеттегі қауіпсіз мінез-құлық тақырыбына арналған танымдық викторина түрінде іс-шара өтті. Балаларға интернет-алаяқтықтың кең таралған тәсілдері туралы айтылып, «дроппер» деген кім екені түсіндірілді және заңсыз схемаларға қатысқаны үшін қандай қылмыстық жауапкершілік қарастырылғаны баяндалды.

— Біз маңызды тақырыптарды ойын және интерактивті форматтар арқылы жеткізуге тырысамыз. Балалар белсенді қатысып, сұрақтар қойып, өз оқиғаларымен бөлісті, — деп атап өтті киберполиция қызметкері Тимур Төлегенов.

Қатысушыларға тәтті сыйлықтар мен спорттық доптар табыс етілді, бұл кездесуді пайдалы ғана емес, сонымен қатар жағымды етті.

blank

Осындай профилактикалық іс-шара «Светофор» лагерінде де өтті. Мұнда цифрлық кеңістіктегі негізгі қауіптер туралы ақпараттық дәріс ұйымдастырылды.

blank

Мұндай іс-шаралар жаз мезгілінің соңына дейін облыстағы барлық балалар лагерлерінде жалғасын табады.