Өскемен қаласында өткен жергілікті атқарушы органдар арасындағы республикалық спартакиадада Арқалық қаласы әкімінің орынбасары Абзал Ташимов тоғызқұмалақтан жеке біріншілікте қола жүлдегер атанды.
Еске сала кетсек, таяуда Қостанай облысының әкімшілік және саяси мемлекеттік қызметшілері арасындағы облыстық спартакиадада арқалықтықтар көш басынан көрінген болатын. Облыстық спартакиадада команданың топ жаруына тоғызқұмалақтан бірінші орын иеленген қала әкімінің орынбасары Абзал Қамбарұлының да зор үлесі бар.

Сондай-ақ, облыстық жарыста Арқалық мемлекеттік қызметшілерінің командалық есепте қазақ күресі, волейбол, баскетбол, суда жүзу, үстел теннисі, арқан тартыс, шағын футбол, шахмат сияқты спорт түрлерінен де жақсы ойын өрнегін көрсеткенін атап өтуге болады.
Бұл қала тарихында бұрын-соңды болмаған үлкен жеңіс. Біз көш басынан көрініп жатқан жерлестерімізге алда да мол табыстар тілейміз.
Мұрат Жүнісұлы
Арқалық қаласы
