19 июня, 2025
«Тобыл» жартылай финалда

«Тобыл» жартылай финалда

Футболдан Қазақстан кубогының ширек финалында қостанайлық команда түркістандық «Тұран» командасынан 2:0 есебімен басым түсті.

Алғашқы минуттан «Тобыл» ойын тізгігін қолға алды. Екінші таймның басында шабуылшы Давид Энен ортадан келген пасты әдемі қабылдап, алыс тұстан оң бұрышты дәл көздеді. Ол доп қорғаушыдан серпіліп, қақпаға еніп кетті. Жетпіс сегізінші минутта «Тобыл» бұрыштамадан есепті еселеді. Ахмед Әл-Мессаудидің баспен ұрған добы бағанадан серпіліп, қорғаушы Иван Миладиновичтің аяғынан табылды. Сербия елінің өкілі ұрымтал сәтті команданың пайдасына асырды.

Қостанайлықтардың жартылай финалдағы қарсыласы астаналық «Жеңіс» командасы. Ол «Астанамен» болған ойында қарсыласын пенальти сериясында қапы қалдырған болатын.