Әуежай тұрғындары Бірлік күнін ерекше салтанатпен атап өтті
Қостанай облыстық ҚХА ұсынған “Қазақстан — достық мекені” іс-шарасын құттықтау сөзімен облыс әкімінің орынбасары Ринат Мұхаметқалиев ашып берді.
“Қазақстан — көптеген ұлт пен ұлыстың ортақ шаңырағы болып отырған ел. Әрдайым бірлік пен жарасымда өмір сүре берейік”,- деп лебізін айтты ол.
Одан соң көпшілікпен бірге қоржын шоу, ұлттық ойындарды, би шерулерін тамашалады.
Қалалықтар мен қонақтарға жайылған дастарханнан дәм ұсынылды. Тұрғындар әр ұлттың дәстүрлі өнерін және сан алуан байқау-сайыстарды тамашалады. Суреттерді түсірген Бағдат АХМЕТБЕКОВ