Тәуелсіздік алаңында Жеңістің 80 жылдығы мен Отан қорғаушы күніне арналған әскери парадты Қостанай қаласының әкімі Марат Жүндібаев бастаған шахар жұрты тікелей эфирден тамашалауда.
Сонымен қатар, облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Ардақ Бегатаров отбасымен бірге облыс орталығындағы алаңға арнайы келген.
– Бұл парад – тек әскери қуатты көрсету ғана емес, ұрпақтар сабақтастығының, ел бірлігі мен патриоттық рухтың көрінісі. Мұндай ауқымды шаралар жастарға үлгі болып, елге деген сүйіспеншілікті оятады. Бүгінгі парад – біз үшін үлкен мақтаныш, – деді Ардақ Бегатаров.
Әскери парад жоғары деңгейде ұйымдастырылып, қауіпсіздік пен қоғамдық тәртіп күшейтілген бақылауда қамтамасыз етілуде.