Ел татулығы отансүйгіштікке жетелейді

Ел татулығы отансүйгіштікке жетелейді

Халқымыздың этно саясатымен жүзеге асырылып жатқан конфессияаралық келісіміміз ел жастарын отансүйгіштікке, рухани-адамгершілік мәдениетіне тәрбиелеп, бірлігіміздің артуына нақты себеп.  Бұл ынтымағамыз жастар ассамблеясы мен түрлі этнос өкілдерінің басын біріктіруде.

Әулиекөл аудандық жастар Ассамблеясының салтанатты түрде аталып өтуі осы игі қадамың бір көрінісі ғана. Студенттік қоғамдастық, зиялы қауым өкілдері, еңбекші жастардан тұратын Ассамблеяны құрудың бастамашысы болған Әулиекөл ауыл шаруашылығы колледжі екенін айта кеткен жөн.

“Қазақстан халықтарының ұлттық мәдениетін, тілдерін,  салт-дәстүрлерін жан-жақты дамыту» тақырыбында өткен дөңгелек үстелде колледж директоры, Қостанай облысы әйелдер күштері альянсының мүшесі А.Жансүгірова жергілікті халықтардың мәдениеті мен салт-дәстүрлерінің көрмесі, Жастар Ассамблеясы мүшелерінің қатысуымен өткен гала-концерті осы ұйымшылдық пен бірлігіміздің ажырамас бөлігі екенін алға тартты.

– Біздің ауданда да жастармен жұмыс жақсы жолға қойылған. Осыдан жеті жыл бұрын құрылған аудандық жастар Ассамблеясы ұйымының жастар ортасында қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті нығайту, олардың әлеуметтік дәрежесін арттыру бағытында атқарып жатқан жұмыстары көңіл қуантады. Біз әрдайым жастарды, олардың бастамаларын қолдауға әзірміз, себебі біздің болашағымыз, еліміздің ертеңі осы жастар, – дейді А.Жансүгірова.

Қ.Маратқызы.

Әулиекөл ауданы.

Жаңалықтармен бөлісу