Қостанайда көп қабатты үйдің терезесінен бала құлап кетті

Қостанайда көп қабатты үйдің терезесінен бала құлап кетті

Қостанайда бір жасар бала үшінші қабаттың терезесінен құлап кетіп, аброй болғанда тірі қалды.

Оқиға 25 сәуір күні кешкі сағат 19:50-де Чехов көшесіндегі 5 қабатты тұрғын үйде болған. Бала ересектердің қарауынсыз қалып, ашық тұрған терезеге мініп, сыртқа құлап кеткен.

“Сәби қалалық балалар ауруханасының реанимациясына шұғыл түрде жатқызылды. Дәрігерлер баланың миы шайқалғанын, жағдайының ауыр екенін айтып отыр. Облыстық ТЖД ата-аналарды балаларды қараусыз қалдырмауға шақырады. Қауіпсіздік үшін терезелерге торлар немесе блокаторлар орнатуды ескертеді. Естеріңізде болсын! Москит торлары – баланы құлаудан құтқаратын қорғаныш емес!” – делінеді облыстық ТЖД Қоғаммен байланыс тобы.

 

 

Жаңалықтармен бөлісу