Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Мүлік иелері қауымдастығын (МИҚ) реформалау туралы айтты, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
“Әлеуметтік-экономикалық факторлармен қатар өңірлердің даму деңгейі ғимараттардың сыртқы түрі, олардың санитарлық нормаларға сәйкестігі, аумақтарды көгалдандыру, қоғамдық кеңістіктің жай-күйі, балалар спорт алаңдарының болуымен және т.б. айқындалатыны белгілі. Қоғамда тұрғын үй қорын тиімді басқару мәселесі де белсенді талқыланып жатыр. МИҚ институтын енгізуге бағытталған реформа соңына дейін жеткізілген жоқ. Біз осы МИҚ реформасы бойынша қатты қателестік. Мұндай жағдайда халыққа сапалы және ашық қызмет көрсету – басты міндет орындалмай отыр”, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
“Сондықтан бұл тапсырманы тиісті назарсыз қалдыруға болмайды. Жалпы, теңгерімді инфрақұрылымдық саясат қажет”, – деп тапсырды Мемлекет басшысы.