Бұл ақпаратты Үкіметтің кеңейтілген кеңесінде Премьер-министрдің орынбасары Алтай Көлгінов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Болжам бойынша жыл сайын еңбек нарығына 300 мың жас маман келетін болды. Оларды жұмыспен қалай қамтамасыз етеміз? Бұл мәселе бойынша арнайы бағдарлама бар ма?», – деп сұрады Президент Үкіметтің кеңейтілген кеңесінде.
Премьер-Министрдің орынбасары Алтай Көлгіновтің айтуынша, биыл наурыз айында тұжырымдама қабылданған.
«Биылдың өзінде 200 мың жас жұмыспен қамтылады. Бұлған «Жастар практикасы», «Алғашқы жұмыс орны», сонымен бірге шағын несиелендіру бағдарламалары демеу болмақ. Сондай-ақ ұжымдармен бірге бос жұмыс орындарына жастар жіберілетін болады», – деді А.Көлгінов.