Жалған сатушы қостанайлықтарды алдап келген

Жалған сатушы қостанайлықтарды алдап келген

Дұрыс тамақтану өнімдерін сатушының кейпінде жүрген алаяқ ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz.

“Anti-fraud” жедел алдын алу шарасының алғашқы күні облыстық ПД Киберқылмыспен күрес бөлімі Қостанай қаласы полиция басқармасы қызметкерлерімен бірлесіп, қала аумағында өзін жұртқа  пайдалы тағам сатумен айналысатын кәсіпкер ретінде таныстырған алаяқты қолға түсірді.

“26 жастағы ер адам Instagram-дағы парақшасында дұрыс тамақтану өнімдерін жеткізумен айналысатыны туралы хабарлама қалдырған. Бірақ алдын ала төлем немесе толық төлем алғаннан кейін байланысты түзіп отырған. Полицияға әзірге екі жәбірленуші шағымданды. Жапа шеккендер саны әлдеқайда көп болуы мүмкін. Сондықтан, егер сіз осы алаяқтың арбауына түсіп, алданып қалған болсаңыз қалалық ПБ-на хабарласуыңызды өтінеміз”, – дейді облыстық ПД Киберқылмыспен күрес бөлімінің бастығы Олжас Мағырапов.

Осы дерек бойынша ҚР ҚК 190-бабының 3-бөлігіне (Алаяқтық) сәйкес, сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Жаңалықтармен бөлісу