Болашаққа қадам: Қостанайда 250 әскерге шақырылушылар ант қабылдады

Болашаққа қадам: Қостанайда 250 әскерге шақырылушылар ант қабылдады

Бүгін Қостанайда ҚР ҰК 66/97 әскери бөлімінің алаңында Қазақстанның он облысынан келген 250 әскерге шақырылушылар Отан алдында адал қызмет атқаруға ант қабылдады.

Олар өз елін қорғауға, оған адал және толықтай қызмет етуге ант берді.

blankАязды күн өмірінің осы маңызды кезеңінде ұлдарын, ағалары мен немерелерін қолдауға келген туыстарына кедергі болмады. Әскерге шақырылушылардың әрбір қадамы, әрбір айтылған ант жай ғана сөздер емес. Бұл жауапкершілік пен абыройға толы болашаққа жасалған қадам.

blankСарбаздар қолдарында автоматтары бар салтанатты шеруге шыққанда, мақтанышқа толы сәт болды.

blankЕң әсерлі сәт-әскерге шақырылушылар «Ана» позициясын орындаған сәт болды.

blankblankАта-аналар мен жақындары өз көз жастарын ұстай алмады.

blankБұл бақыттың, мақтаныш пен толқудың көз жасы еді.

blankОлардың балалары қазір- Отан қорғаушылар.

blankБұл 250 сарбаз Қостанайда қоғамдық тәртіпті күзететін болады.

blankБұл қызметтің бірінші жылы ғана, алайда олар үшін бұл ересек өмірдегі ең маңызды қадамдарға толы үлкен жаңа жолдың бастамасы.