22 мая, 2025
Жартылай қорғаушы Данияр Үсенов «Тобыл» командасымен келісім-шартқа отырды

Жартылай қорғаушы Данияр Үсенов «Тобыл» командасымен келісім-шартқа отырды

Данияр Үсенов былтыр футболдан «Жетісу» сапында 18 матчқа қатысып, 2 гол соқса, 1 рет нәтижелі пас берген.

Клубтың баспасөз қызметі Даниярды:

«Орталық шептің әмбебап ойыншысы. Ол шабуылды жақсы бастайды, сонымен қатар қорғаныс шебіне көмектесе алады», – деп бағалап отыр.

«Каспий» клубының түлегі 15 жасында «Қайрат» академиясына ауысып, «Қайрат жастар» кулбында ойнаған. Араға төрт жыл салып, 2020 жылы негізгі құрамға қабылданды. Премьер лигадағы дебюті 7 наурызда «Таразға»  қарсы өткен.