Лисаковта үстел теннисі мен бокс үйірмесіне арналған спорт залы ашылды

Лисаковта үстел теннисі мен бокс үйірмесіне арналған спорт залы ашылды

«Алақай» деп аталатын жаңа нысанда жеткіншектер стационарлы түрде жаттығу жасауға мүмкіндік алды.

Қала әкім Абай Ыбыраев ойын-сауық кешенінің екінші қабатында орналасқан жаттығу орының салтанатты түрде лентасын қиды.

“Бүгін қаламызда ерекше оқиға болып отыр. Сүйікті қаламыздың төрінен басшылықтың қолдауымен жаңа ғимарат бой көтеріп, Теннис орталығы ашылып жатыр. Бұл халық тілегін орындау, жыл сайынғы жолдаудың басым бағыттарын іске асыру бағытындағы жұмыстың жемісі. Бұл біздің қала тұрғандарына арнаған мереке ғана емес, ҚР Теннис федерациясының баға жетпес сыйлығы”, – деп атап өтті Абай Ыбыраев.

Спорт кешенінің ашылуы жастарды спортқа баулып, бос уақыттарын тиімді өткізуге жасалған үлкен қадам болмақ. Ел намысын халықаралық ареналарда қорғайтын спортшыларды даярлауға мүмкіндік бергелі тұр.«Қазақстан Республикасының үстел теннисі федерациясы» ҚБ жаңа залға 6 теннис үстелі мен бөгеу қалқандарын тарту етті. Бұл спорттық құрал-жабдықтардың жалпы құны 3 млн теңгеге бағаланып отыр. Залдың жалпы ауданы – 840 шаршы метр. 2 қосалқы және 4 гигиена бөлмелері бар.
Бокс залында ринг және былғары қаптар орнатылған.

Айбек Жүзбай

Жаңалықтармен бөлісу