Магистральды газ құбырларының толық қуатына көшуіне байланысты облыста тауарлық газ тапшылығы байқалады.
Осы себепті 2019 жылдан бері жаңа тұтынушылар мен кәсіпкерлік нысандарды газға қосуға рұқсат берілмей отыр.
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша іске қосылған ірі инфрақұрылымдық жоба – Ақтөбе облысынан Қостанайға дейін магистральды газ құбырының құрылысы (құны 500 млрд теңге) газ тапшылығы мәселесін шешуге мүмкіндік бермек.
Бұл – Тәуелсіздік алғаннан бергі өңірдегі ең ірі жоба. Ол өмірдің барлық саласына әсер етіп, ірі инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға мүмкіндік туғызады.