Алты сүт фермасының құрылысы жүріп жатыр

Алты сүт фермасының құрылысы жүріп жатыр

Қостанай облысында өңделген ауыл шаруашылығы өнімінің үлесін 70%-ға ұлғайту міндеті орындалды. Бұл туралы облыс әкімі Құмар Ақсақалов мәлім етті.

– Сүт және сүт өнімдері бойынша импортқа тәуелділікті төмендету үшін алғашқы 6 заманауи жоғары технологиялық сүт-тауар фермаларының құрылысы басталды. Осылайша шаруашылықтарда өнім өндіруді 30% ұлғайтуға мүмкіндік береді және сүт өңдеу кәсіпорындарының жүктемесін 86% дейін қамтамасыз етеді. Біз Мемлекет басшысының үш жыл ішінде агроөнеркәсіптік кешендегі өңделген өнімнің үлесін 70%-ға ұлғайту туралы тапсырмасы жоспарға сәйкес орындадық, – деді Құмар Ақсақалов өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы есеп бере тұрып.

Сондай-ақ, облыс әкімі жақында Қостанай аймағында өсірілетін және өндірілетін өнімдердің артатынын айтып отыр.

– Жуырда ірімшіктің 20 жаңа түрін өндіретін кешені пайдалануға берілді. Бұл облыс бойынша ірімшік өндіру көлемінің 3 есе өсуін және өңделген сүттің көлемін 46%-дан 60%-ға дейін артуын қамтамасыз етеді. Осылайша, жергілікті халықтың ірімшікке сұранысын жабамыз. Күні кеше «Аруана-2010» ЖШС диірмен кешені пайдалануға берілді, сол сияқты «Кондитерлік астана» фабрикасының құрылысы басталды, – деп толықтырды өңір басшысы.

ҚазАқпарат

Жаңалықтармен бөлісу