Қостанай облысына 2 жыл ішінде шетелден 1 млрд доллардан астам тікелей инвестиция тартылған.
Өңірде жалпы сомасы 2,3 трлн теңгеге 38 инвестициялық жобадан тұратын пул қалыптастырылды. Оның аясында таяу келешекте 9,7 мың жұмыс орны құрылады.
Осы жылы облысқа 500 млрд теңге шамасында инвестиция тартылған. Бұл екі жыл бұрынғыға қарағанда 24%-ға артық.
Айта кетерлігі, инвестицияның 77% – і – жекеменшік. Осылайша, екі жылда өңірге бір миллиард АҚШ долларынан астам тікелей шетелдік инвестициялар құйылды.