Сарыкөл ауданында мәдениет қызметкерлері арасында қазақ күресінен «Өнер арланы – 2024» облыстық турнирінің «Арналар елге жыр-әнім» атты өнер додасы өтті. Боз кілемде облыс көлемінен келген 19 өнерпаз палуан бақ сынасты.
Сайыпқыран жігіттер сайыс алаңында ғана емес, сахна төрінде де өнерлерін ортаға салды.
Қатысушылар өздерінің шынайы өнерпаз (әнші, күйші) екендігін дәлелдей отырып, қазіргі заманға сай (кавер) өңделген патриоттық немесе танымал бір ән орындады. Турнир екі күн қатарынан өтті.
74 келі салмақта Жанкелдин аудандық мәдениет үйінің көркемдік жетекшісі Ұлан Топай «Өнер арланы-2024» белбеуінің иегері атынып 150 мың теңге ақшалай сыйақыға ие болды. Сарыкөл ауданынан Нағашыбай Ыбырай 2 орын 1алып, оған 00 мың теңге табысталды. Аманкелділік Нұрсұлтан Мұхтар 3 орын алды. Жүлдесі 80 мың теңге.
Қостанайлық Төленді Әлғожин мен ұзынкөлдік Асылбек Қабдуалиевке 50 мың теңге арнайы жүлде берілді.
74 келіден жоғары салмақтан торғайлық Батырлан Қазым «Өнер Арланы-2024» белбеуінің иегері, Лисаков қаласынан барған Заманбек Берікқара 2 орын, Аманкелді ауданынан Балтасар Ізтілеу 3 орын иеленді. Арқалықтық Қайрат Байділдин мен (Арқалық қаласы) мен әулиекөлдік Ерлан Қасымға арнайы жүлде берілді.
Айтолқын Айқадамова
Сарыкөл ауданы