Облыстың құрама командасы Ауыл мектептерінің оқушыларына арналған жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың қорытындысы бойынша қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы пәндер бойынша 3 орынға ие болды.
Астанада қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы 7 пән бойынша республиканың ауыл мектептерінде оқитын 9-11(12) сынып оқушыларына арналған жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың төртінші кезеңі аяқталды.
Олимпиада дәстүрлі форматта екі турда өтті. Бастапқы кезеңінде облыстағы ауыл мектептерінің 2700-ден астам оқушысы қатысты. Облыстың іріктеу кезеңінде – 415 оқушы, оның нәтижесі бойынша олимпиаданың қорытынды кезеңінде біздің облыстың атынан қатысатын оқушылар іріктелді.
Қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы пәндер бойынша олимпиаданың қорытынды кезеңіне қатысқан 22 қатысушының 9-ы Әулиекөл ауданынан, 5-еуі Қостанай ауданынан. Аманкелді, Меңдіқара аудандарынан 2 оқушыдан, Алтынсарин, Қарабалық, Сарыкөл Федоров аудандарынан 1 оқушыдан қатысып келді.
12 қатысушы олимпиада жүлдегерлері атанды, оның ішінде 1 бірінші, 4 екінші және 7 үшінші орын, тағы 3 оқушы ерекше жетістіктері үшін грамоталармен марапатталды.