Саудагерлер әкімдікке жанайқайын жеткізді

Саудагерлер әкімдікке жанайқайын жеткізді

Бүгінде «Нариман» және «Салтанат» базарында кәсібін жүргізіп отырған бір топ саудагерлерге екі базардың сүрілетіні туралы хабар ертеден айтылып келеді.  Облыс әкімінің қала тұрғындарымен кездесуінде  ол саудагерлердің дені  баратын орын таппағанын айтып, сауал жолдады.

“Басқа жерде жалға алу құны қымбат. Оны ай сайын төлеуге барлық саудагердің шамасы жетпейді”, – деп шағымданды саудагерлер.

Қала әкімі бұл мәселе жөнінде арнайы штаб құрылғанын атап өтті.

“Жергілікті билік өз тарапынан көрсетілетін көмекті ұсынып отыр. Әкімдік ірі саудагерді жетектеп жүріп, орын тауып беруге міндетті емес. Екі базардың бірі мектеп салу үшін, екіншісі жолды көліктерге ашу үшін түптің-түбінде сүріледі. Ол жер мемлекеттік меншігінде”, – деп атап өтті  қала әкімі Марат Жүндібаев.

Облыс әкімі Құмар Ақсақалов қойылған сұрақтардың маңыздылығын атап өтіп, оларды шешу үшін барлық шара қолданылатынын баса айтты.  Өзекті мәселелердің қалай шешілетіні жөнінде БАҚ арқылы ақпарат беруге уәде берді.

Сералы МЫРЗАБАЙ

Жаңалықтармен бөлісу