Ертең сағат 15.00-де “Ұлттық банк” Қостанай филиалының аумағында полицияның, өртке қарсы қызметтің және жедел медициналық көмектің кешенді күштерінің өзара іс-қимыл дағдыларын пысықтауға бағытталған жоспарлы оқу-жаттығулар өткізіледі.
Осыған байланысты Тәуелсіздік-Баймағамбетов, Пушкин-Баймағамбетов, Қозыбаев-Пушкин көшелерінің қиылысында автокөлік пен жаяу жүргіншілерге арналған қозғалыс уақытша жабылады.
Азаматтарды уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауға, мемлекеттік органдар өкілдерінің заңды талаптарын орындауға, сондай-ақ тек ресми ақпаратты басшылыққа алуға шақырады.