«Жан біткендер іздеп жатыр керегін,
Тұр, қалғыма, көтер басты, әй, қазақ!»
Б. Майлин
Бейімбет Майлиннің бүгінге жеткен сатиралық туындылары өткен өміріміздің ескірмеген құндылығының маңызы мен мазмұны десек еш қателеспейміз.. Кеңес дәуірі кезіндегі шығармаларға бүгінгі көзқараспен қайта баға беру, образдардың сомдалу ерекшеліктеріне, жазушылық шеберлікке, оның ішінде детальдарға, астарлы сөздерге көңіл аудару мәселелері сөз болады. Ақынның көптеген сатиралық туындылары танымал болып үлгерді, дегенмен кей шығармалары бар екенін де халық біле бермейді. Міне, осы көпке кеңінен танылып үлгірмеген өлеңі «Ыбыраймыз,Ыбыраймын» өлеңі халық арасында таныту мақсатында осы мақаланы жазып отырмын.
Бейімбет Майлин жарық дүниеге адам боп туғанмен, азамат боп өмір сүру билігі өзіне тимей, ғұмыр бойы бұғауда, қуғын-сүргінде жүріп, ақыры бас-аяғы ату жазасына кесілген Бейімбет баба есімі жарты ғасыр сарғая сағынған халқына туған елі тәуелсіздік алар қарсаңында ғана әрең қайтып оралды. Сол асылымызды дәріптеп, өткенге салауат айтып, қайта жаңғырту бүгінгі жас ұрпақтың міндеті.
Б.Майлин сатира әлемін өзінің Құдай берген жарқын талантымен ерекше шұғылаға бөледі.
Бүгінде Бейімбет баба – ұлты үшін ұлы тұлға. Елімізде ақын атымен
аталатын мектептер, көшелер бар. Ақынның сатиралық туындыларымен қатар көптеген әңгімелері, прозалары, фельетондары баршылық. Ақынның үнін ұрпақтары ынтамен ұғынуда.
“Алаш” ұранын көтеріп өткен Бейімбет бабамыз үшін жастардың орны бөлек. Ол жас жеткіншектерге үлкен үмітпен қарайды. Жастардың бойынан кыранның қанатындай күштілікті, таза жүрек пен сүйкімді мінезді, туған жерге деген шексіз махаббатты көргісі келеді. Соған мақтанғысы келеді. Шабыттана да, шымырлана да, жырлайды.
Қай уақытта бірігеді бастары,
Бәрінің де ойлағаны бас қамы.
Дүрілдетіп істі қолға алып тұр,
Басқа жұрттың жаңа өспірім жастары …деп жастарға ұран тастаған ақынның жалынды жырлары поэзия әлеміне ерекше толқын әкелді.
Жастарға сену, оларға сенім арту, жауапкершілік жүктеу әр заманда болған. Аға толқынның өзінің ізін басқан іні-қарындастарына ерекше ілтипат білдіріп, ұстаздан шәкірт озуын қалап тұруы да заңдылық. Өйткені, өздері түрлі себептермен атқара алмаған істі жастардың жүзеге асырарына, қоғам өміріне дендеп енгізеріне сенеді. Сондықтан оларға үкілі үмітін артады. Осындай ақынның танылып үлгірмеген өлеңін көпшілікке танымал ету ақынның сенімін ақтау деп білемін.
Иә, енді мақаламның тақырыбына назар аударсаңыздар, Бейімбет бабамыздың «Ыбыраймыз, Ыбыраймын» адамның адамдығы атағы мен мансабында емес, адамдығы мен абройында екенін көрсетеді. Ендеше, өлеңді қойылған зерттеу обьектілері бойынша талқылап көрейік.
.
Ақынның «Ыбыраймыз, Ыбыраймын» өлеңінде танылатын жалпыадамзаттық және ұлттық рухани құндылықтар
Ақынның «Ыбыраймыз, Ыбыраймын» өлеңінде танылатын жалпы адамзаттық және ұлттық рухани құндылықтарға келер болсақ, адам бойындағы қасиеттер мен мінез-құлық осы өлеңде тайға таңба басқандай көрінеді. Ақын осы өлеңде сатиралық туынды тудыруда адам бойындағы жалпыадамзаттық құндылықты ерекшелеп көрсетеді.
Иә, басында билігі бар адамға сұрақтың бары сыпайы түрде қойылып, жауап берген Ыбырайдың өзінің мықтылығына мақтанып, масаттанып тұрғаны байқалады. Дәл осы жерде дана Абай, дара Абай, ұлы Абай атамыздың он сегізінші қара сөзін айтпай кетуге болмайды. Абай Құнанбаев:
Кербездің екі түрлі қылығы болады: бірі бет-пішінін, мұртын, мүшесін, жүрісін, қас-қабағын қолдан түзетіп, шынтағын көтеріп, қолын тарақтап әуре болмақ. Біреуі атын, киімін «айран ішерім» деп, солардың арқасында сыпайы, жұғымды жігіт атанбаққа, өзінен ілгерілерге елеулі болып, өзі қатардағының ішін күйдіріп, өзінен кейінгілерге «әттең, дүние-ай, осылардың атындай ат мініп, киіміндей киім кигеннің не арманы бар екен?!» – дейтұғын болмаққа ойланбақ. Мұның бәрі – масқаралық, ақымақтық. Мұны адам бір ойламасын, егерде бір ойласа, қайта адам болмағы – қиын іс. Кербез дегенді осындай кер, кердең немеден безіңдер деген сөзге ұқсатамын. Тегінде, адам баласы адам баласынан ақыл, ғылым, ар, мінез деген нәрселермен озбақ. Онан басқа нәрсеменен оздым ғой демектің бәрі де – ақымақтық. Дәл осы сөз Бейімбет Майлиннің сатиралық кейіркері – «Ыбыраймызға» арналып айтылғандай.
Кеше:
– Уа, кімсіз?- Ыбыраймыз.- Жаймысыз?- Жаймыз.- Уа, қайдан келесіз?- Сайлаудан келеміз.Елге ойран сапОйнаудан келеміз.Төске таққан шеніміз бар,Патшаға жаққан ебіміз бар,Құдайға шүкір,Қойдан жуас,Момақан ғана еліміз бар.Біз бай,Біз құдай!Күш сынасса,Жым болады.Кім келеді сайма-сай!
- Біз бай, біз құдай төске таққан шеніміз бар, патшаға жаққан ебіміз бар,- деп керілген Ыбыраймыз уақыт өте келе жай ғана Ыбырай болып қалғанын ақын сатиралық тілмен шебер суреттеп көрсетеді.
Осы жерде сатиралық кейіпкер арқылы Бейімбет Майлин адамның жалпыадамзаттық ұлттық рухани құндылығын жоғалтқан бейнені сомдайды және бос мақтан, бос әурешілік болатын бүгінгі күнмен түсіндіреді.
Бүгін:- Уа, кімсің?- Ыбыраймын.- Жаймысың?- Жаймын.- Қайдан келесің?- Соттан келемін.Соттан емес –ау, оттан келемін.- Білдің бе?- Білдім ғой.- Қалай екен?- Арыз берген малай екен.- Солай ма екен?- Солай екен!- Не дейді?- Ақы сұрайды.- Қанша?- Он мың сом.- Он мың сом?Нең қалады?- Нем қалсын:Қатын қалад,Мен қалам.- Шенің қайда?- Тозған.- Елің қайда?- Күні озған.- Енді не етпексің?- Бітем!- Бітсең, біт, мен де соныңды күтем.
Кешегі күні «Ыбырай – МЫЗ» деп көкірегін керіп сайлаудан келе жатқан кейіпкер бүгін ешкім емес. Бүгінмен өмір сүрген кейіпкер ертең не боларын мүлде ойламастан халыққа қаһарын төкті.
Бүгін кім? Халі қалай? Дауысы мен сөзінде зіл бар ма? Жоқ, жоқ, мүлде басқа адам.Бүгін ол сайлаудан емес, соттан келеді, ол біреуге емес, оған арыз тасталды.
Қарап отырсақ осы бір сатирасы арқылы ақын қиын-қыстау, қилы заман жағдайын айтып үлгірді. Бір өлеңнің бойына төрт түрлі кейіпкердің мінезін көрсетеді.
Жалпыадамзаттық құндылық туралы айтты. Бұл өлеңнен халық жанының айқайын көруге болады.
Тарихи тұлға Бейімбет Майлиннің туған халқы мен адамзат өркениеті алдында сіңірген еңбегі де солай — ғасырдан ғасыр озған сайын өркештене түседі. Ал, тағдырдың ең бір қиын бұралаңдарында халқының бойына қуат берген, жігерін жанумен болған Майлин сатирасы келер ғасырлардағы толқын-толқын талай ұрпаққа ата-бабаларының мұңы мен шерін, арманы мен рухын ұмыттырмай, үнемі құлағына құюмен болары анық. Осындай рухани байлықты бесікте жатқаннан бастап баланың құлағына сіңіру әрбір адамзаттың бұлжытпай орындайтын міндеті болса деп ойлаймын. Осылай жасай білгенде ғана жер бетінде Қазақ елі мәңгі тұрады, осынау мәңгілік сарын да ешуақытта үзілмейді және сөнбейді. Оған ешкімнің ешқандай күмәні болмас. Сонымен қатар, оның рухани мұрасында өз халқының жарқын болашағына мол сенімі, поэзиясындағы ұлттық бейнелер құндылық ретінде тереңірек қарастырылады. Олай болса, өмір бойы “Алаш” ұранын көтеріп өткен Бейімбет бабамыз үшін ұлттық рухтың алар орны ерекше.
.”Адам тағдырын тәрбие шешеді, тәрбие құралы-сөз”,-деп заманымыздың белгілі ақыны Олжас Сүлейменов айтқанындай жастарды сезінген ақын өнегелі, өрелі асыл сөздерін кейінгі ұрпаққа сыйлағандығын да осы өлеңнен көруге болады. Қалай дегенде де, Мағжан өзіне дейінгіге де, кейінгіге де ұқсамайтын, өзіндік қолтаңбасы бар ақын.
Ол өмірді біртұтас құбылыс, көрініс ретінде, ал адамды сол ұлы табиғаттың, жаратылыстың бір туындысы, бөлшегі ретінде қабылдайды. Құбылыстың мәнін кең көлемде, жалпыға бірдей қалыпта тани білу үшін ол, алдымен, не нәрсенің болса да мән-мазмұнын бағдарлап, әрдайым жалпы адамзатқа тән әуенге бой ұрады. Дүниені философиялық түрғыдан таниды. «Ыбыраймыз, Ыбыраймын» өлеңіндегі жалпыадамзаттық және ұлттық рухани құндылықтар жайлы айтып тауысу мүмкін емес. Ең бастысы болашақ ұрпақ сабақ алып, ертеңіне дұрыс жолда қолданса екен.
Ақынның «Ыбыраймыз, Ыбыраймын» өлеңінің бүгінгі күннің
проблемасымен үндестігі
Өмір бір орында тұрмайды. Зырылдап, зулап өте береді. Уақыт бәрін өз орнына қояды. Кешегі күннен алыс жоқ, ертеңгі күннен жақын жоқ дегендей, сол бір ХХ ғасырларда халық жауы деп қудалау мен зорлық-зомбылықтың
шырмауында жүрген Бейімбет ақын бүгінде – ел мақтанышы.
Қаншама езгі көрсе де ерлікпен өлген ақын Алашының жүрегінен үлкен орын ала білді. Бүгінде жас–кәрі, үлкен–кіші ақын поэзиясынан сусындап, рухани қажеттіліктерін қанағаттандыруда. Ақынның сөзі өлмейді, ғалымның хаты өлмейді деген осыдан қалған болар.
Дегенмен ақынын айнытпай танитын көпшілік Бейімбет бабамыздың «Мырқымбай», «Садақбай», «Байлар тұзағы», «Бер, Мырқымбай қолыңды», «Мақтым-Күлпаш» өлеңдерін жақсы біліп-танып жатса, «Ыбыраймыз, Ыбыраймын» өлеңін біле бермейді. Осы өлеңді мақалама арқау етіп алғаннан бастап, халқымыздың бүгінгі жағдайын өткен заман жағдайымен салыстыра зерттей бастадым. Осыған бір зер салып көрейік.
Ақынның «Ыбыраймыз, Ыбыраймын» өлеңінің бүгінгі күннің проблемасымен үндестігіне тоқталар болсақ, тіпті көңілің құлазып қалады. «Бүгінгі жағдайы жасалған, дамыған заманда халықтың ішкі жан дүниесі- рухани байлығы азайып барады. Барлығы емес, кейбір жандар биіктікті қарапайымдылық емес, тәкаппарлықпен алмастырып алған. Осы мәселелердің орын алуына кімдер кінәлі, заманауи заманда берілер тәрбие тәлімі таусылды ма?» – деген сауалдардың жауабы біреу-ақ. Оның бәріне кінәлі кім ,әрине, адам. Адамдарда сіз деп сызылып сөйлеуі, кішілік танытуы күн өткен сайын азайып бара жатыр. Бұрынғы билік пен халық арасындағы алшақтық айқын көрініп тұса, бүгінгі көзге көрінбейтін белгімен жүріп жатыр. Бейімбет ақынның сатиралық өлеңіндегі кешегі мықты кейіпкер, бүгін жай ғана Ыбырай боп қалуы заманауи заманда да кездері хақ.
Торғайлық ірі ақындарымыздың бірі Қайнекей Жармағанбетов:
Өскенді де көргенбіз, бөскенді де көргенбіз,
Өсіп-бөсіп ақыры өшкенді де көргенбіз.
Болғанды да көргенбіз, толғанды да көргенбіз,
Болып, толып ақыры солғанды да көргенбіз.
Асқанды да көргенбіз, тасқанды да көргенбіз,
Асып-тасып ақыры сасқанды да көргенбіз,-дейді. Бүгінгінің ақыны кешегі Ыбырайы-МЫЗға және қазіргі таңдағы Ыбырайымыздың із басарларына осы жолдарды арнаған сияқты. Ертеңі адастырмаса еке елінің ертеңін айқындайтын жастарды.
Ақынның «Ыбыраймыз, Ыбыраймын» өлеңіндегі тілдік және суреткерлік шеберлігі
Ақынның сатиралық өлеңіндегі тілдік және суреткерлік шеберлігі өз алдына бір әлем. Майлин шығармашылығындағы айқындауыш бейнелі сөздерге көз жүгіртсек суреткердің идеясынан туындап, сөз арқылы берілген не бір ойдың көрінісін аңғарассыз. Сөздердің реңін кіргізіп, ажарлап, астарлап, көркемдеп, сөздерді үйлесімге келтіруінің өзі бірнеше түрлі тәсілдер арқылы берілгендігінің куәгері боласыз. Ақынның сатиралық өлеңінің қайсын алса да, өз алдына бір тағдыр құрылғаны көрінеді. Шындықты шығармасына арқау етіп шырылдаған ақын сатирасы сан ғасырлық мұра.
. Өлеңнің тілін ырғаққа келтіріп жазуда нағыз керекті тәсіл диологті барынша қолданған. Сатиралық өлең сюжетке құрылған шығармалар қатарынан.
Ақынның қиыннан қиыстырып, қисынын тауып қолданып отырған объектіні, өмір құбылыстарын бейнелі оймен жандандырады. Өлеңіндегі тармақтардың жасалуында әдеби тілге үстеме мағына беріп, оның көркіне ажар қосатын, сол арқылы тілге үстеме мағына беріп, шығармашылық мазмұнын құнарландырып, пішінін ажарландырып тұратын, естіген құлаққа жағымды, көңілге қонымды, алпыс екі тамырыңды бусантып, көркемдеуіш
тәсілді өз шығармасынада талғампаздықпен пайдалана білген.
Ақынның өлеңдерінен жүрегінің соғысы естіліп тұратындай.
Мағжанның «Ыбыраймыз, Ыбыраймын» өлеңі поэтикалық асқынған сөздерге ғана құрылмай, ақынның ішкі мұңы мен ашу-кегіне, қазақ елінің ертеңгі күніне көз жүгіртіп, болашақты болжауға шақырады. Ақынның суреткерлігін оның шығармаларын оқыған адамның әр сөзден бойына қуат алатыны сөзсіз .
Бейімбет Майлин поэзия әлеміндегі жарық жұлдыз, қайталанбас құбылыс. Оның қуатты, бойға жігер, жүрекке от беретін рухты үні, ізденістері мен жаңашылдығы қазақ әдебиетін ХХ ғасырдың басында-ақ Еуропа, орыс әде-
биетінің биік деңгейіне көтерді.
Бейімбет бабамыз сыршылдығымен, суретшілдігімен, сөзге еркіндігімен, тапқырлығымен, маржандай тізілген, торғындай үлбіреген нәзік үнді күйімен, шерлі, мұңды зарымен күшті жыр тудырған.
Бейімбет Майлин не жазса да сырлы, көркем, сәнді жазады. Оқушының жүрегіне әсер бере алмайтын құрғақ өлеңді, жабайы жырды ақын шығармаларынан таба алмайсыз.
Ақынның тілдік шеберлігінің шырайын шұғылаға шомылдыру – біздің басты міндетіміз. Енде ақын жырларын жаттап, санамызда сақтап аға буын іні буынға тапсырып отырса, нұр үсіне нұр болар еді.
Халық тудырған талант және тәуелсіздік
«Жан біткендер іздеп жатыр керегін, тұр, қалғыма, көтер басты, әй, қазақ!», -деп ұрандап өткен Бейімбет Майлиннің туғанына биыл тура 130 жыл. Бұл той – халық тойы, ел тойы. Себебі, халық тудырған талант иесі біздерге осынау баға жетпес тәуелсіздікті тарту етті. Біз бүгін – бақытты балалық шақ пен жарқын болашақ иесіміз. Б. Майлин кешегі заманда надандықтан арылуды, білімге ұмтылуды дөп басып айтып кеткен. «Оқу – білім бұлағы, оқысаң елдің ұланы»,- деп жырлаған. Б. Майлин қай шығармасына үңілсек те тәуелсіздік пен бостандықты, еркіндікті арқау етті. «Бостандық таңы», «Азамат Азаматович», «Мырқымбай» т.б.
«Алашым», «Халқым», «Елім» деп үн қатқан Б. Майлин – кешегі күні қудалаудың құрбаны болса да, бүгінгі күні өзі аңсаңған, армандап кеткен егемен елдің шоқтығы биік тұлғасы. Халық тудырған талант иесінің есімі еліміздегі мектептерге, аудандарға, көшелерге беріліп жатыр. Арнайы ескерткіштер қойылуда. Бұл мен үшін үлкен мақтаныш және қуаныш.
Қорыта келе айтарым, арманың орындалып, есімің ақталып, еңбегің бағаланды, Би ата! – дегім келеді.
Тәуелсіздігіміз мәңгі болып, Би атамыздың тарту еткен рухани мол мұрасын, жоғалтып алмайық, ағайын!
Гулалем Ескалиева