Қаржы министрі Мәди Такиев мемлекеттік қарызға қатысты түсінік берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Мемлекеттік борыш 30,5 трлн теңге болды. Бұл жалпы ішкі өнімге шаққанда 22,6 пайыз шамасында, – деді М.Тәкиев Сенатта тілшілер сұрағына жауап бере отырып.
Оның айтуынша, бекітілген лимит бойынша мемлекеттің қарызы ЖІӨ-ге шаққанда 32 пайыздан аспауы керек.
Бұл тұрғыда біз осы лимиттен асқан жоқпыз, – деп нақтылады министр.
Биыл қазан айында сенатор Сұлтанбек Мәкежанов еліміздің Премьер-министрі Олжас Бектеновке мемлекеттік қарыздың өсіп бара жатқаны және еліміздің қаржы ресурсын басқаруды жақсарту қажеттігі туралы сауал жолдаған.
Сурет: sputnik.kz