Облыста тасқын судан зардап шеккен кәсіпкерлерге 69 өтініш бойынша өтемақы төленді

Облыста тасқын судан зардап шеккен кәсіпкерлерге 69 өтініш бойынша өтемақы төленді

Көктемдегі су тасқыны салдарынан зардап шеккен кәсіпкерлерге келтірілген залалды өтеу үшін облыста  мамыр айынан бастап Өтемақы сомасын айқындау жөніндегі арнайы өңірлік комиссия жұмыс істейді. Комиссия құрамына мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың ғана емес, сонымен қатар қоғамдық бизнес бірлестіктердің, «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының өкілдері, сондай-ақ депутаттар мен тәжірибелі кәсіпкерлер кірді.

Өтініштерді қарастыру Қазақстан Республикасы Премьер – Министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрінің 2024 жылғы 22 сәуірдегі № 18 бұйрығымен бекітілген 2024 жылғы су тасқыны салдарынан шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне келтірілген мүліктік шығынға өтемақы төлеу қағидаларына сәйкес жүргізіледі.

Су тасқынынан зардап шеккен өңірлердің – Қостанай, Арқалық қалалары мен Қостанай, Амангелді, Жангелдин және Қарасу аудандарының әкімдіктеріне агроөнеркәсіптік кешенді қоспағанда, сауда, қоғамдық тамақтану, демалысты ұйымдастыру, жылжымайтын мүлікті жалға беру, тамақ өнімдерін өндіру және т.б. салаларда жұмыс істейтін 70 – тен астам шағын бизнес субъектілері жүгінді.

Өңірлік комиссия мақұлдағаннан кейін зардап шеккен бизнес субъектілерінің барлық өтініштері төлемдерді растау үшін Ұлттық экономика және Қаржы министрліктеріне жіберіледі. Бүгінгі таңда 69 өтініш бойынша өтемақы төленді.

Сонымен қатар, Қағидаға сәйкес ауыл шаруашылығына жатпайтын сектордың ШОБ субъектілерінен өтініштерді қабылдау 10 желтоқсанда аяқталады, алайда ол агроөнеркәсіптік кешен кәсіпкерлері үшін жалғасады, олар зардап шеккен жылжымайтын мүлік объектілері (сарайлар, мал шаруашылығы базалары және т.б.) бойынша өтемақы алуға үміткер бола алады.

 

Жаңалықтармен бөлісу