Шахматтан мектеп лигасының облыстық кезеңі мәреге жетті

Шахматтан мектеп лигасының облыстық кезеңі мәреге жетті

Лисаков қаласындағы   облыс мектептерінің 5-6 және 7-8 сынып оқушылары арасындағы жарыста жиырма өңірден спортшылар бақ сынады.
Үш күнгі тартысты сайыста Федеров ауданының Успенов жалпы білім беретін мектебінің командасы 2  орынға ие болды. Успенов жалпы білім беретін мектебі дене шынықтыру мұғалімі Серік Зияның жетекшілігімен команда құрамында Еркежан Ерден, Ернұр Есболат, Жалғас Шұғайып, Жарболсын Жанболат және Кенжебек Өзбеков болды. Осылайша, жарыс көшбасшысы Рудный қаласынан 1 ұпайға ғана қалып қойды.

Облыстық кезеңге Федоров ауданынан Абай атындағы жалпы білім беретін мектебінің  5-6 сынып оқушылары және Успенов жалпы білім беретін мектебінің 7-8 сынып оқушылары қатысқанын айта кетейік.

Ал Абай атындағы жалпы білім беретін мектебі жалпы командалық есепте 5 орынды иеленді.

Жаңалықтармен бөлісу