Облыста 13 мың адам қоғамдық орындарда қамауға алынды

Облыста 13 мың адам қоғамдық орындарда қамауға алынды

Көшеде масаң күйде жүргені үшін  2 мың адамға жалпы сомасы 197 млн теңге айыппұл салынды.

Полицияның мәліметінше, аймақтағы әрбір төртінші қылмыс адамдардың масаң күйінде жасалады. Бұл көрсеткіш бойынша Қостанай облысы (25,9%) Шығыс Қазақстан облысынан кейін республикада екінші орында тұр (26,8%).
Ішімдік ішкендермен аймақта 23 кісі өлтіру, 86 денсаулыққа ауыр зиян келтіру жағдайы орын алды, оның 21-і өліммен аяқталды. Сонымен қатар, 111 отбасылық-тұрмыстық қылмыс тіркелді.
“Қабылданып жатқан шаралар 10 ай ішінде қоғамдық орындарда алкоголь ішкені үшін немесе мас күйінде болғаны үшін полиция 15,5 мыңнан астам адамды әкімшілік жауапкершілікке тартты, оның 3 мыңға жуығы — осы заңбұзушылықты бірнеше рет қайталағаны үшін жазаланды. Бұл қоғамдық тәртіптің бұзылуы мен маскүнемдікке қатысты күрделі мәселенің барын көрсетеді.
Қоғамдық орындарда масаң күйде пайда болғаны үшін 13 мың адам қамауға алынды және 2 мыңы жалпы сомасы 197 млн теңге көлемінде айыппұл арқалады”, – дедіоген ресми мәлімдемеде.
Маскүнемдерді, қоғамдық тәртіпті бұзушыларды және отбасылық дебоширлерді қоса алғанда, тәуекел тобындағы адамдарға полицияның қадағалауын күшейтуге ерекше назар аударылып жатыр. Бұл аймақтағы қылмыс деңгейін төмендетуге және азаматтардың қауіпсіздігін арттыруға ықпал етуі тиіс.
Мәселен, Қостанайда күніне 50-ге жуық мас адамды полиция арнайы орталыққа орналастырады. Облыс бойынша ағымдағы жылдың басынан бері осындай орталықтарға 22,5 мың адам жеткізіліп, олардың 20,5 мыңы орналастырылды. Полиция қызметкерлері тіпті үйде де ішімдік ішуге тыйым салу тәжірибесін белсенді қолданып келеді. Бір жыл ішінде сот алкогольді ішуге тыйым салған 3 мыңнан астам адамды полиция есепке алды.
Осы тыйымдарды бұзғаны үшін 3,5 мыңға жуық адам қамауға алу жазасын өтеген (10 күн.). Ерекше талаптарды бұзғаны үшін қамауға алу түріндегі баламасыз санкция қарастырылғанын атап өткен жөн.
Айта кету керек, 500-ге жуық адам жыл басынан бері бірнеше рет әкімшілік қамауға алынды. Мысалы, Жітіқара қаласының тұрғыны жыл басынан бері 14 рет жауапкершілікке тартылып, 295 тәулік (жылдың 80,8%) әкімшілік қамауға алынды.
Бүгінгі таңда облыста алкоголь сататын 5 мыңнан астам саудасы нысаны жұмыс істейді.
Ағымдағы жылы 153-не қатысты лицензияны тоқтата тұру және 9-ын лицензиядан айыру арқылы заңды бұзған 260-қа жуық кәсіпкер әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Бұған қарамастан, алкогольді заңсыз сату мәселесі әлі де өзекті.
Сонымен қатар, масаң күйде жасалатын қылмыстың алдын алудың тиімді тетіктерінің бірі-мәжбүрлеп емдеуге жолдама. 10 айдың ішінде полицейлер алкогольді асыра пайдаланған 292 адамды емдеуге жіберді.

Жаңалықтармен бөлісу