Ертең «Қыс-2024» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығу аясында ескерту жүйесін тексеру жүргізіледі

Ертең «Қыс-2024» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығу аясында ескерту жүйесін тексеру жүргізіледі

Бұл операция 21 қараша күні сағат 11:00-ге жоспарланып отыр.

Тексеру барысында:

Сиреналар қосылады;
Телерадиоарналардың трансляциясы уақытша тоқтатылады;
Ұялы қосымшалар арқылы хабарламалар жіберіледі.

– “Баршаның назарына!!!” дыбыстық сигналы – бұл халықтың назарын аудару және төтенше жағдайлар немесе олардың қаупі туралы ақпарат беру үшін қолданылатын ескерту сигналы.
Қостанай облысының ТЖД сабырлық сақтауды сұрайды. Бұл тексеру аясында ғана берілетін оқу-жаттығу сигналы екенін ескертеміз, – деп хабарлайды департамент өкілдері.

 

Жаңалықтармен бөлісу