Федоров ауданында үш жаңа жоба іске қосылады

Федоров ауданында үш жаңа жоба іске қосылады

Бұл өңірде ауыл шаруашылығы саласы тұрақты қарқынмен дамып келеді. Соңғы жылдардағы күрделі ауа райы жағдайына қарамастан, ауыл шаруашылығы кәсіпорындары өндірісті әртараптандыру бағытында  жүйелі жұмыстар жүргізді.

Ауданда инвестициялық жобаларды енгізу жұмыстар жүргізіліп жатыр. Жылдың соңына қарай үш  жаңа инвестициялық жобаны іске қосуды жоспарлап отыр.

Мәселен, «Олжа-Агроға» қарасты «Алтын-Инвест» ЖШС Баннов ауылында құны 600 басқа арналған 3,2 млрд теңгелік сүт-тауарлы фермасының құрылысын аяқтауға жақын.

– «Тұрар» ЖШС 350 бұзауға арналған № 2 қораның құрылысын қолға алған.  «Беркут»  ЖШС 250 бұзау  сиятын қораны салып жатыр. Келесі жылы  жалпы сомасы 5,8 млрд теңгеге  бағаланған төрт  инвестициялық жобаны іске асыруды  жоспарлап отырмыз.  Мәселен,  «Промбаза 7»  ЖШС өсімдік майын шығаратын зауытты жаңғырту арқылы  өнім шығаруды жылына 100 тоннаға дейін  арттырмақ. Мұндай ілкімді жобаларымыз көп, – дейді бұл туралы аудан әкімі Тәуба Исабаев.

Әлібек ЫБЫРАЙ

Жаңалықтармен бөлісу