Республикалық “Мал ұрлығы” операциясы аясында өңірдің полицейлері бір күнде мал жаю және тасымалдау саласында 100-ге жуық құқық бұзушылықты анықтап, жалпы сомасы 2,5 миллион теңге айыппұл салды.
300-ден астам полиция қызметкері жұмылдырылған операция мал мен етті тасымалдауға, сондай-ақ жайылым ережелерін сақтамауға байланысты құқық бұзушылықтарды анықтауға бағытталған.
“Өңірде 50 мобильді бекет жұмыс істейді, олар көлік құралдарын жануарларды тасымалдау үшін қажетті құжаттардың бар-жоғын тексеруде. Тексеру барысында құжаттарсыз мал мен етті тасымалдаудың 24 жағдайы тіркелді. Жалпы соммасы 1,8 миллион теңгеге жуық айыппұлға салынды”, – деп хабарлайды облыстық ПД баспасөз қызметі.
Мәселен, “Әулиекөл-Жалдама” автожолында полицейлер 23 бас жылқыны тиісті құжаттарсыз тасымалдаған Mercedes-Benz автокөлігін тоқтатты.
Сондай-ақ Ұзынкөл ауданында ГАЗ автокөлігінің жүргізушісі ұсталды, ол 4 ірі қара малды құжатсыз тасымалдаған.
Сонымен қатар, полицейлер мал жаю ережелерін бағытында 66 заң бұзушылықты анықтап, 730 мың теңге көлемінде айыппұл салынды.
Мысалы, Алтынсарин ауданында 30 жылқы қараусыз жайылған үшін, иесіне айыппұл салынды.
Операцияның маңызды бөлігі қылмыстарды ашуға бағытталды. Осылайша, полицейлер Жітіқара ауданындағы мал базасынан бұрын жасалған үш қой ұрлығын ашып, азаматтық қару айналымы ережелерінің екі бұзушылығын анықтады.
Әулиекөл ауданының тұрғынынан қызметкерлер әкесінен мұра бойынша алған бір қаруды тәркіледі.
Бұдан басқа, мамандандырылған қораларға 239 бас иесі белгісіз үй жануарлары орналастырылды, сондай-ақ базарлар мен дүкендерде ет өнімдеріне тексеру жүргізілді.
“Мал ұрлығы” операциясы 20 қарашаға дейін жалғасады және полиция қызметкерлері осы саладағы бұзушылықтардың жолын кесу бойынша күшейтілген жұмысты жалғастыратын болады.