Биыл қаңғыбас иттер облыста 879  адамды  қауып алған www.gov.kz

Биыл қаңғыбас иттер облыста 879  адамды  қауып алған

Он айда 2552 адам антирабиялық көмекке жүгінді. Оның 852-сі балалар мен жасөспірімдер. Биыл иттер көп адамды қауып алған. Олардың 879  қаңғыбас төрт аяқтылардың үлесінде.

«Аймақтың 710 тұрғыны мысықтардан, 8-і жылқылардан, 11-і ірі қара малдан, 108-і жабайы жануарлардан зардап шекті. Зардап шеккендердің ішінен 1096 адам қауіпті локализацияның (бас, бет, мойын, саусақтар мен қолдар) тістелуімен жүгінді. 13 адам құтыру диагнозы расталған жануарлардың қабуынан зардап шекті. Зардап шеккендерге құтыруға қарсы вакцинация жүргізумен уақтылы медициналық көмек көрсетілді», – санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау департаментінің директоры Е.Дәулетбаев.

Қостанай облысында адамдар арасында “құтырудың” соңғы жағдайы 2015 жылы тіркелгенін естеріңізге сала кетейік.

Айтолқын АЙҚАДАМОВА

Жаңалықтармен бөлісу