22 мая, 2025
Моңғолиядан Қазақстанға 90 фотоқұжат пен кинофильмнің көшірмесі әкелінді

Моңғолиядан Қазақстанға 90 фотоқұжат пен кинофильмнің көшірмесі әкелінді

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі  Орталық мемлекеттік кинофотоқұжаттар мен дыбыс жазбалар архивінің делегациясы «Архив – 2025» кешенді жоспары аясында шет ел архивтерінен Қазақстанның тарихы мен мәдениетіне қатысты тарихи құжат жинақтап жатыр.

Ғылыми-зерттеу жұмыстары барысында Моңғолия Ұлттық архивінен Қазақстанға қатысты құжаттар анықталып, 90 фотоқұжат және жалпы ұзақтығы 92 минуттық киноқұжаттың көшірмесі алынды.

Киноқұжатта Баян-Өлгей аймағының он және жиырма жылдығына арналған бейнеқұжаттары, қазақстандық делегацияның жергілікті қазақтардың тыныс-тіршілігімен танысуы туралы деректер бар.

Ал фотоқұжаттарда Баян-Өлгей аймағындағы қазақ халқының тұрмысы, жергілікті театр әртістерінің қойылымдары, әр жылдары Моңғолия еліне сапарлаған қазақстандық өкілдер бейнеленген.