Елімізде жыл басынан бері 47,5 мыңнан астам жұмыскердің құқығы қорғалды

Елімізде жыл басынан бері 47,5 мыңнан астам жұмыскердің құқығы қорғалды

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің хабарлауынша, 1 қарашадағы жағдай бойынша мемлекеттік еңбек инспекторлары республиканың 264 кәсіпорны 17,8 мың жұмыскерге 3,9 млрд теңгеге жалақы  берешек екенін анықтаған. Жүргізілген тексерулер барысында 7,1 мыңнан аса еңбек құқығы бұзылғаны белгілі  болған.

“Жалақы бойынша берешегі бар кәсіпорындардың басшыларына орындауға міндетті 235 ұйғарым берілді және 46,5 млн теңгеден астам сомаға айыппұл салынды. Қабылданған шаралардың, оның ішінде жалақы бойынша берешекті өтеудің қатаң кестелері мен мерзімдерін белгілеудің нәтижесінде 16,5 мыңнан астам жұмыскердің құқықтары қорғалды. Оларға 3,1 млрд теңге төленді. Бұдан басқа, еңбек заңнамасының сақталуына мемлекеттік бақылауды қамтамасыз ету мәселелері ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ерекше бақылауында”, – делінген ресми  мәлімдемеде.

2024 жылғы 1 қарашадағы деректер бойынша мемлекеттік еңбек инспекторлары 4 552 тексеру жүргізді, оның барысында 7 149 бұзушылық анықталды, оның ішінде: еңбек саласында – 5 310; еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша – 1 769; халықты жұмыспен қамту бойынша – 67.

Жұмыс берушілерге 2 723 ұйғарым беріліп, 338,9 млн теңге сомасына 3 207 әкімшілік айыппұл салынды. Қабылданған шаралардың нәтижесінде 31 мыңнан аса жұмыскердің еңбек құқығы қорғалды.

 

Жаңалықтармен бөлісу