Төтенше жағдайларға әзірліктері тексерілді

Төтенше жағдайларға әзірліктері тексерілді

Облыстық төтенше жағдайлар департаменті басшысының орынбасары, полковник Жәнібек Кәрімбаев пен жою жөніндегі басқарма басшысының орынбасары, полиция полковнигі Марат Нұрғалиев Арқалық қаласының азаматтық қорғау жүйесінде мекемелер мен ұжымдардың төтенше жағдайларға қарсы әзірліктерін тексеру жұмыстарын жүргізді.

Ең алдымен күштік құрылымдардың жиналғандығы жөнінде қалалық төтенше жағдайлар бөлімінің басшысы, азаматтық қорғау майоры Асылхан Ғалиханұлы рапорт берді.

 Теміржол вокзалы алаңында белгіленген уақытта қаланың барлық осы жүйеге қатысы бар ұжымдары арнайы жасақтары мен техникасын қатарға қойып, төтенша жағдай кезінде қолданатын құрал – жабдықтарынан көрме ұсынды.

Жоғары басшылық өкілдері әр жасаққа арнайы тоқталып, апатты жағдайлар кезінде қолданатын міндеттері мен мүмкіндіктерін жіті қарап, танысты. Жасақ жетекшілеріне сұрақтарын қойып, тиісті жауаптарын алды.

«Тексеріс өте жақсы өтті. Бірқатар ескертпелер де айтылды. Алдағы уақытта жергілікті атқарушы органдармен бірлесе отыра кемшіліктерді жоюға атсалысатын боламыз»,– дейді қалалық төтенше жағдайлар бөлімінің басшысы Асылхан Нұрғалиев.

Тексеру тәртібінде мамандар қаланың қысқы және көктемгі су тасқыны кезеңдеріне дайындық жұмыстарын басты назарға алды. Апаттың алдын алу, жедел іс – қимыл жүргізу тактикалары пысықталды.

 

Мұрат Жүнісұлы

Суреттерді түсірген – автор

Арқалық қаласы

Жаңалықтармен бөлісу