Түрмеге нан ішіне телефон жасырып өткізбек болғандардың әрекеті әшкереленді

Түрмеге нан ішіне телефон жасырып өткізбек болғандардың әрекеті әшкереленді

Қостанай облысы Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің Nº38 мекемесінде тыйым салынған затты жасырып өткізу әрекеті тоқтатылды.

Мекеме қызметкерлері сәлемдемені тексеру кезінде сотталған азаматқа жолданған нанның ішіне жасырылған ұялы телефонды тәркіледі.

“Айта кету керек, мұндай оқиғалар келіп түскен сәлемдемелерді үнемі бақылаудың маңыздылығын және тыйым салынған заттарды берудің барлық мүмкін әрекеттерін анықтау қажеттігін көрсетеді. Осы әрекетке кінәлі адам әкімшілік жауапкершілікке тартылады”, – дейді облыстық ҚАЖД баспасөз қызметінің өкілі Динара Сүлейменова.

Жаңалықтармен бөлісу