Арқалықта екі жылдық “Жайлы мектеп” ұлттық жобасымен салынып жатқан мектеп құрылысы аяқталуға таяу. Бүгінгі таңда мұнда 150-ге жуық адам жұмыс істеп жатыр.
Мектептің сыртқы және ішкі жұмыстары аяқталу шегінде. Құрылысшылар қабырғаларды сырлау, әктеу, еденге линолеум төсеу сынды жұмыстарға жұмылдырылған. Электр желілерінде де ұсақ-түйек шаруалар қалған.
Белгіленген меже бойынша, мектеп құрылысы 15 желтоқсанға дейін толығымен аяқталып, пайдалануға беріледі деп болжанып отыр.
«Мүмкіндік болып жатса, одан да ертерек бітіріп береміз. Құрылыс материалдары, маман, техника күші жеткілікті»,-дейді құрылыс мердігері «Алюминстрой» ЖШС бас директоры, Қазақстанның құрметті құрылысшысы Абай Мұқанов.
Нысанның жылу, су, кәріз, электр жүйелері іске қосылған. Төбе жұмыстары аяқталды. Маңайы асфальтталып, сырмақтас төселді.
Екі қабатты білім ошағы З00 орынға лайықталып салынған.
Мұрат ЖҮНІСҰЛЫ
Суреттерді түсірген – автор