Қостанайлық бес жүз студент полицияның арнайы киімдерін киіп көріп, криминалистің чемоданын ұстау бақытына ие болды.
Тәртіп сақшыларының Қостанай Әлеуметтік-техникалық колледжі мен университет студенттері үшін бос орындар жәрмеңкесі жастарға осындай әсер қалдырды.
«Оқушыларға облыстық Полиция департаменті мен қалалық полиция басқармасынан өзекті бос орындар ұсынылды. Кадр қызметкерлерімен бірге өздерінің кәсіби жоспарларын талқылап, жұмысқа орналасудың тиімді тұстары туралы білді», – дейді ұйымдастырушылар.
Айта кетейік, полицейлер жастармен осындай бірлескен кәсіптік бағдар беру іс-шарасын бірінші рет өткізіп отырған жоқ.
Бейінді академиялардың қызметі, азаматтарды қорғауға, оларға көмек көрсетуге бағытталған полиция қызметкерлерінің күнделікті жұмысы туралы бейнематериалдар ұсынылды. Қостанай академиясының курсанттары өнер көрсетті.
Жедел қимылдайтын арнайы жасақ пен кинологиялық қызмет мамандары үретілген иттердің жұмысымен таныстырды.
Іс-шара студенттерге мамандық туралы маңызды білім алуға және болашақта жұмысқа орналасу үшін байланыс орнатуға мүмкіндік берді.