Қостанай облысында пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы жерлерін анықтау жұмыстары жалғасуда

Қостанай облысында пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы жерлерін анықтау жұмыстары жалғасуда

Көктемгі-жазғы кезең егістікте ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді пайдаланбау фактілерін анықтау үшін маңызды уақыт.
Мамыр айынан бастап тұрақты қар жамылғысы орнағанға дейін ҚР АШМ ЖРБК Жер ресурстарын басқару департаментінің инспекторлары егістіктің жай-күйін тексеру  үшін облыс өңірлеріне баруды жүзеге асырады.

Мәселен, Департамент инспекторлары 134 мың га жалпы алаңда 182 тексеру жүргізді. 105,4 мың га алаңда 129 заң бұзушылық анықталды. Барлық жер пайдаланушыларға 1 жыл мерзімге заң бұзушылықтарды жою туралы нұсқама берілді. Бұдан басқа, барлық учаскелерге әділет органдарында ауыртпалықтар салынып, жер пайдаланушыларға пайдаланылмайтын учаскелер бойынша жер салығының базалық мөлшерлемесінің 20 есеге ұлғаюы туралы ескертілді. Заң бұзушылықтар жойылмаған жағдайда жер сот тәртібімен мемлекеттік меншікке қайтарылатын болады.

Жаңалықтармен бөлісу