23 мая, 2025
Саяхат сауда орталығының аумағында терроризмге қарсы оқу-жаттығулар өтеді  

Саяхат сауда орталығының аумағында терроризмге қарсы оқу-жаттығулар өтеді  

Оқу-жаттығулардың негізгі мақсаты –  мемлекеттік органдардың террористік сипаттағы қауіп-қатер туындаған кезде өзара әрекеттесіп, терроризм актісінің салдарын барынша азайту әрі жою.

Облыстық терроризмге қарсы жедел штабы бұл іс-шараны ертең сағат 15.00 — ден 18.00 — ге дейін ұйымдастыруды жоспарлап отыр.

Осыған байланысты азаматтардан тыныштықты сақтауды және мемлекеттік органдардың ресми ақпаратына сүйенуді сұрайды.