Қостанайлық құтқарушы гір спортынан әлем чемпионы атанды

Қостанайлық құтқарушы гір спортынан әлем чемпионы атанды

Қостанай №1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің аға өрт сөндірушісі Дмитрий Балацко Грецияның Корфу қаласында өтіп жатқан гір спортынан әлем чемпионатында жеңімпаз атанды.

30-дан астам елдің өкілдері біріншілік үшін күрескен беделді жарыста Дмитрий гір көтерудің екі түрлі жаттығуынан медаль жеңіп алып, шеберліктің жоғары деңгейін көрсете білді.

Жеке салмақ дәрежесінде чемпион атанған Дмитрий 32 келі гір тасын 184 рет жұлқа көтерді.

Бұл нәтиже оған тұғырдың жоғарғы сатысына көтерілуге мүмкіндік берді. Екі қолмен 61 рет серпе көтеруден екінші орын алды.

Жаңалықтармен бөлісу