Бұл туралы суыт хабарды зор күйзеліспен қабылдағанын облыс әкімі Құмар Ақсақалов әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.
“Ол елдің дамуына үлкен үлес қосқан абыройлы мемлекет және қоғам қайраткері болды. Кенжебек Үкіұлы еңбек жолын мұғалімдіктен бастап, облыс әкімшілігінің басшысына дейінгі ұзақ жолды жүріп өтті. Ол, әсіресе, Қазақстанның тәуелсіздігін қалыптастыру жылдарындағы қиын кезеңдерде ерен еңбегімен танылды. Марқұмның отбасы мен жақындарының қайғысына ортақтасып, көңіл айтамыз. Оның еңбегі мен парасаты болашақ ұрпаққа әрдайым үлгі болып қалады”, – деді облыс әкімі.
Жатқан жері жайлы, топырағы торқа болсын.