Астана қаласында Республика күні мен Қазақстан Республикасы мәслихаттарының құрылғанына 30 жыл толуына орай өткен республикалық турнирде облыс командасы жоғары шеберлік көрсетіп, көкпардан бірінші орынды иеленді.
Турнир аясында қостанайлық шабандоздар Қарағанды облысы және Солтүстік Қазақстан облысының командаларын 2:0 есебімен жеңді. Доллар атты арғымақ жарыстың үздік сәйгүлігі атанды.
“Бұл жетістік біздің өңірдегі ұлттық спорт түрлеріне деген шынайы көзқарас пен жоғары деңгейдегі дайындықтың дәлелі. Астана командасымен болған финалдық ойында 4:2 есебімен жеңіске жетіп, турнирдің бас жүлдесін қанжығамызға байладық”, – осы Доллармен өнер көрсеткен Қостанай ауданының шабандозы Тобылбек Асан.
Жалпы облыстық команда құрамасына Денисов ауданынан – 2, Арқалық қаласынан – 3, Қостанай ауданынан – 7 шабандоз кіргенін айта кетейік.
Команда құрамымен таныстыра кетейік:
1. Тобылбек Асан – Доллар (Қостанай ауданы)
2. Ернұр Өтеген – Домбыра қасқа (Қостанай ауданы)
3. Малик Жалелов – Олжа (Қостанай ауданы)
4. Нұрсат Бірмағамбетов – Сомбалақ (Қостанай ауданы)
5. Дали Каспаев –Лексус (Денисов ауданы)
6. Мейіржан Абиболла – Альтаир (Қостанай ауданы)
7. Дидар Мұстафин – Аспархан (Денисов ауданы)
8. Нұрбол Қожабеков – Гүлсары (Қостанай ауданы)
9. Бексұлтан Манетов – Панаехали (Арқалық қ.)
10. Дархан Қасқырбай – Нұртөбел (Арқалық қ.)
11. Ерәділ Қабдрахман – КБС (Арқалық қ.)
12. Жүрсін Абылайхан – Атырау қасқа (Қостанай ауданы)