“Өркен” балалардың әл-ауқатын арттыру ұлттық ғылыми-практикалық институтының ұйымдастыруымен «Үздік сынып жетекшісі» байқауының республикалық кезеңінде облыстың барлық 4 қатысушысы республикалық байқаудың жеңімпаздары мен жүлдегерлері атанды.
Алтынсарин ауданының Силантьев жалпы білім беретін мектебінің сынып жетекшісі Галина Шилова мен Қарабалық ауданының М. Горький атындағы мектебінің сынып жетекшісі Евгения Кулик жүлделі 1 орынды иеленді.
Рудный қаласының №13 мектебінің ұстазы Іңкір Бақытбек күміс иеленсе, Қостанай қаласының №8 мектебінің сынып жетекшісі Динара Токусарова қола медаль жеңіп алды.
Байқау педагогикалық шеберлікті жетілдіру және шығармашылық әлеуетті барынша толық іске асыру, Қазақстан Республикасының жалпы орта білім беру ұйымдарының сынып жетекшілерінің әлеуметтік мәртебесін арттыру мақсатында ұйымдастырылды.