Қаламгерге құрмет көрсетілді

Қаламгерге құрмет көрсетілді

Бүгін белгілі ақын, жазушы, сатирик, драматург, аудармашы, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Абылай Маудановтың туған күні. Қырықтың қырқасына шыққан қуаныш иесіне қаламдас, қанаттас, әріптес аға-бауырлары сый-құрмет көрсетті. Абылай Фазылханұлы — дара дарынымен мойындалған қазақтың қаламгері. Ол әдебиеттің бірнеше жанрында өндіртіп жазып жазып жүр. Атап айтсақ, ең әуелі “жанын жыр жолына жекке” сыршыл ақын, сүңгі тілді сатирик, әлем әдебиетінің небір жауһар шығармаларын қазақ тілінде сөйлеткен аудармашы, тіс қаққан театр сыншыларың жоғары бағасын алған драматург, бір сөзбен, қаламына қасиет қонған туындыгер. Халықаралық, республикалық, облыстық додалардың сан мәрте жеңімпазы. Бүгін қуаныш иесінің туған күнінде өнердегі және қызметтегі аға-бауыр, дос-жарандары ерекше сый жасады. Абылайдың шығармашылық еңбектерін жинақтап, “Тұлпар-тағдыр” атауымен басып шығарды. Етжеңді кітапқа қаламгердің поэзия, проза, сатира, әңгімелері және жазба айтыстары енгізілген. Кітаптың тұсаукесер рәсімі Л. Толстой атындағы облыстық кітапханада өтті. Зиялы қауым өкілдері, бастамашы топ мүшелері құттықтау лебізін айтып, жинақты авторға табыс етті. Толығырақ газеттің алдағы санынан оқи аласыздар.

Жаңалықтармен бөлісу