Қостанай қаласы, Тәуелсіздік көшесі, 85 мекенжайындағы бұрынғы облыстық филармония ғимаратының 1-қабатында Қостанай облысы әкімдігінің жанындағы азаматтарды қабылдау орталығы жұмыс істеп тұр.
Аталған орталық – мемлекеттік органдардың халықпен өзара іс-қимыл жасауға арналған орталықтандырылған алаң.
Облыс тұрғындарына:
мемлекеттік органға өтініш беруге;
әкімдіктің салалық басқармалары қызметкерлерінен кеңес алуға;
мемлекеттік органдар басшылығының жеке қабылдауына жазылуға болады.
Жеке қабылдаулар бекітілген кесте және жұмыс регламенті бойынша Орталықтың базасында өтеді.
Орталықтың жұмыс кестесі: дүйсенбі-жұма, сағат 09.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін.
Анықтамалық ақпаратты облыс әкімі аппаратының өтініштерді қарауды бақылау бөлімінен 575-038, 575-084, 575-057 телефон нөмірлері бойынша алуға болады.