Референдум өткізудің маңыздылығы түсіндірілді

Референдум өткізудің маңыздылығы түсіндірілді

Облыстық Халықтық штаб төрағасы Алмат Досмұхамедов “Қорғау” облыстық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподағы ұжымы қызметкерлерімен кездесіп, атом электр станцияларының заманауи қауіпсіздігі мен қоршаған ортаға әсері туралы егжей-тегжейлі түсініктеме берді деп хабарлайды “AMANAT” партиясы облыстық филиалының баспасөз қызметі.

Алмат Досмұхамедов Мемлекет басшысының «Әділетті Қазақстан: заң, тәртіп және экономикалық даму» атты Жолдауында көтерілген әлеуметтік-экономикалық мәселелерді атап өтті. Сонымен қатар, АЭС құрылысы мәселесі бойынша жалпыұлттық референдум өткізудің маңыздылығына ерекше назар аударды.

«Мемлекет басшысы халықтың пікірін ескере отырып, маңызды шешімдерді қабылдайды. Жолдауында да осыған ерекше тоқталды, елімізде АЭС салу мәселесі тек қоғаммен кеңесе отырып, 6 қазанда өтетін референдум арқылы шешілуі тиіс. Осылайша, елдің энергетикалық жүйесінің тұрақтылығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін жаңартылатын энергия көздері мен атом электр станцияларын дамытуды біріктіру оңтайлы стратегия болмақ», – деді Алмат Досмұхамедов.

Жаңалықтармен бөлісу