Ұлттық Банк жалған полиграфиялық өнімдер – қолдан жасалған ұлттық валюта банкноталары тарағанын ескертеді

Ұлттық Банк жалған полиграфиялық өнімдер – қолдан жасалған ұлттық валюта банкноталары тарағанын ескертеді

Қазақстанның Ұлттық Банкі әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде жалған полиграфиялық өнімдер, нақтырақ айтқанда, қолдан жалған ұлттық валюта сату туралы жарнамалардың тарағанын ескертеді. Соның ішінде, мерейтойлық және «Сақ стилі» сериясындағы 10 000 теңгелік банкнота бар.

Қазақстан Ұлттық Банкі Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 231-бабына сәйкес жалған ақша немес ебағалы қағаздарды жасау, сақтау, тасымалдау немесе өткізу қылмыстық жауапкершілікке тартылатынын еске салады.

Осыған байланысты, банкноталарды қолдану кезінде ерекше сақтық танытып, олардың түпнұсқалығын тексеруді қатаң түрде ұсынамыз.

Ұлттық валюта банкноталарындағы қорғаныс элементтері туралы ақпаратты Қазақстан Ұлттық Банкінің YouTube арнасынан және ресми сайтынан табуға болады.

Күмәнді банкноталар, соның ішінде шынақшаға ұқсас банкноталар байқасаңыз, дереу құқық қорғау органдарына жүгіну қажет.

Қазақстан Ұлттық Банкі тұрақты түрде жалған ақша жасауға қарсы күрес жүргізіп, қолма-қол ақша пайдаланғанда мұқият әрі сақ болуға шақырады.

 

Жаңалықтармен бөлісу