Global Scholars бағдарламасының 10-жылдығына орай АҚШ, Вашингтонда өткен халықаралық семинарға ҚР педагогтері делегациясының қатарында Қостанай қаласының № 19 ЖББМ директоры Анар Кабдулинова мен осы мектептің ағылшын тілі мұғалімі, ұлы ағартушы Ыбырай Алтынсариннің шөбересі Әйгерім Алғожина қатысты.
Семинар тәжірибе алмасу, жаңа байланыстар орнату және жаңашыл білім беру тенденциялары туралы құнды ақпаратпен бөлісудің бірегей алаңына айналды.
Қостанайлық мұғалімдер жаһандық білім беруді дамытуға және инновациялық әдістерді интеграциялауға арналған талқылаулар мен панельдік сессияларға қатысты.
Анар Кабдулинова мен Әйгерім Алғожина әртүрлі елдердің мұғалімдерімен заманауи мектепте цифрлық ресурстарды пайдалану бойынша кәсіби тәжірибелерімен және Ыбырай Алтынсариннің гуманистік идеяларымен бөлісті.
«Туған қаламызға жаңа біліммен және озық білім беру тәжірибелерін енгізу бойынша жоспарлармен орала келе, оқушылар өздерін және өз таланттарын ашу үшін біз Code Book сияқты жаңашыл әдістемелер мен технологияларды енгізуді жалғастыруды жоспарлап отырмыз», – деді Мектеп директоры Анар Кабдулинова.
Әйгерім Алғожина да жан-жақты сауатты оқушыны дамыту ұлы атасының басты мақсаты болғанына сенімді.
«Ол өзінің қырағылығымен өз дәуірінен оза түсіп, бізге, қазіргі мұғалімдерге, дұрыс бағытты көрсетті», – деп атап өтті.
Өткенді болашақпен байланыстыратын байланыстырушы – ол білім. Ұлы ағартушының ұрпақтары да ұстаздық жолды таңдап, атасының ізімен жүргені, әрине, ерекше қуантады.